+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Қызылордада 78 жастағы әйел коронавирус жұқтырды

2020 жылғы 31 мамыр 12:51
Бөлісіңіз:
Қызылордада 78 жастағы әйел коронавирус жұқтырды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 78 жастағы әйел адамға коронавирус инфекциясы диагнозы қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Пандемия мұғалімдердің жұмысына қалай ықпал етті – Министр қорытындысы ДДСҰ басшысы: Әлем халқының 70% -ын вакциналаған кезде ғана пандемияны жеңуге болады Асхат Аймағамбетов қашықтан оқытуда артта қалған оқушыларға қолдау көрсетуді сұрады

Соңғы тәулікте облыста 25 адам қатерлі індетті жұқтырған.

Олардың 10-ы Қызылорда қаласында, 10-ы ‒ Арал, 1-і ‒ Шиелі, 2-уі ‒ Жаңақорған, 1-уі ‒ Қазалы ауданында тұрса, 1-уі Шымкент қаласынан келген.

«Олардың арасында ең үлкені - 1942 жылғы әйел адам. ПТР анализдері 17 науқастан ауру жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болуына байланысты алынған. Ал 3 адамнан ол скринингтеу кезінде анықталса, 2 адамнан Алматы, Шымкент қалаларынан келуіне байланысты, 1 адамнан ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Қаулысына сәйкес ЖРВИ белгілерінің болуы бойынша, 1 адамнан провизорлық стационарда алынған. Тағы 1 адам өз қалауымен ПТР талдауына сынама тапсырған. Зерттеу қорытындысы аталған азаматтардың коронавирус инфекциясын жұқтырғанын көрсетті. Қазіргі таңда пациенттер ауруханаға оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр. Ауру ошақтарында мамандар індетке қарсы іс-шаралар ұйымдастырып, олармен қарым-қатынаста болғандар анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық тауарлар, қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір Қызылорда облысында коронавирус инфекциясы диагнозы қойылған 371 адам бар.

Олардың арасынан 233-і емделіп шықты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT