USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Қызылордада 61 жастағы азамат екі күннен бері табылмай жатыр

2021 жылғы 7 желтоқсан 04:33
Бөлісіңіз:
Қызылордада 61 жастағы азамат екі күннен бері табылмай жатыр

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 61 жастағы азамат екі күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Көліктері сынып жолда қалған 4 балықшы құтқарылды – ШҚО Оралда пластикалық орындыққа 6 айлық баланың басы қыстырылып қалды Токио университетіндегі қабылдау емтиханы алдында бір жасөспірім үш адамға пышақ салған

Арал қаласындағы Алтынсарин көшесі 18 үйдің тұрғыны Көшекбаев Жәмет Нағашыбайұлы 4 желтоқсанда сағат 08:30 шамасында тұрғын үйінен белгісіз бағытқа шығып, содан бері хабар ошарсыз кеткен. Ол 1960 жылдың 25 қарашасында дүниеге келген.

Қазір бұл бағытта аудандық полиция бөлімі тарапынан іздестіру жұмыстарын жүргізілуде. Бұл бағытта бағыт-бағдар жасалып, нұсқаулық берілген.

«Ж.Көшекбаевтың ерекше белгілері: ұлты қазақ, бойы 160-165 см, шашы ағарған, көзі көк түсті, қысыңқы, қыр мұрынды, арық денелі, бетінде майда меңдері бар, сол қолының бас бармақ саусақ үстінде «Ж» деген татуировкасы бар. Жоғалған азамат жөнінде қандай да бір ақпарат анықталған жағдайда Арал ауданының Полиция бөлімінің кезекші бөлімі 2-22-02 телефонына немесе 102 арнасына шұғыл түрде хабарласуды сұраймыз», - деп жазылған Арал аудандық полиция бөлімі таратқан хабарламада.

Еске салсақ, юұдан бұрын Қызылордада дарияға көлігімен түсіп кеткен жігіттің мәйіті табылды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT