+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Қызылордада 6,3 млрд теңгеге модульдік аурухана салынып жатыр

2020 жылғы 1 желтоқсан 02:38
Бөлісіңіз:
Қызылордада 6,3 млрд теңгеге модульдік аурухана салынып жатыр

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада модульдік аурухана құрылысы аяқталуға жақын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Қызыл аймақ»: Қостанайда карантин шаралары қайта күшейді COVID-19 вирусынан екі млн адам қайтыс болды: БҰҰ басшысы мәлімдеме жасады Ақмола облысында карантиндік шектеулер күшейтілді

Сыр өңірінде бүгінгі күнге дейін 3 290 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Тамыз және қыркүйек айларында қатерлі індет жұқтырғандар саны біршама төмендеген еді. Соңғы екі айда олардың саны қайтадан көбеюде. Атап айтқанда, қазан айында 20 жағдай анықталса, қараша айында 28 жағдай тіркелді.

«Бүгінгі күндері облыста барлығы 210 инфекциялық төсек-орын бар, Жүктеме 5,2% құрап отыр. Жансақтау бөлімінде ем алып жатқан науқас жоқ. Коронавирус инфекциясы және вирусты пневмония жұқтырған 526 медицина маманының құжаттары «MapCOVID» ақпараттық жүйесіне енгізіліп, олардың барлығына төлем тағайындалды. Жыл басында аталған салада құралдармен жабдықталу 85% болса, 10 ай қорытындысымен ол 88,5%-ға көтерілді. Инфекциялық стационарлардың реанимация бөлімін жабдықтау көрсеткіші де өсті. Айта кетерлігі, облыста инфекциялық стационардың анестезиологиялық және реанимациялық 38 төсек-орны бар. Қазір жансақтау бөлімінде ем алып жатқан науқас жоқ», - деді облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Эпидмаусым басталғанда аймақта барлығы 76 өкпені жасанды желдету аппараты бар еді. Қазір олардың саны 244-ке жетті. Алдағы уақытта қосымша тағы 7 аппарат келеді.

Ахуал күрделенген жағдайда қала мен аудандарда 3 000 төсек-орын ұйымдастыруға мүмкіндік бар. Бүгінде жалпы құны 6,3 млрд теңгені құрайтын модульдік аурухана салынып жатыр. Ол төсек орын санын 200-ге арттыруға мүмкіндік туғызады.

Облыс бойынша 79 жедел жәрдем бригадасы халыққа қызмет көрсетеді. Қосымша лизинг арқылы 40 санитарлық автокөлік қараша айында жеткізілді. Бұған қоса, 161 мобильді бригада құрылған. Оның 138-і қазір қызмет көрсетуде.

Сондай-ақ, Қызылорда облысында 3 600 медицина қызметкері резервке алынды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT