+7 (701) 759 90 19
USD 428.71 EUR 519.12
RUB 5.79 CNY 66.61
Jańalyqtar

Қызылордада 50 мыңға жуық адам коронавирус вакцинасын салдырды

2021 жылғы 4 мамыр 19:28
Бөлісіңіз:
Қызылордада 50 мыңға жуық адам коронавирус вакцинасын салдырды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 49386 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылорда облысында тамақтану объектілері тәулік бойы жұмыс істей алады Шымкентте 65 жастан асқандардың қалада жүруіне шектеу қойылды – Қаулы Коронавирустан соңғы бір күнде тағы 22 науқас қайтыс болды

Өңірге 71300 доза вакцина жеткізілген болатын. Оның ішінде тұрғындар «Спутник V» және «QazVac» вакциналарын қабылдауға ниет білдірді.

Өткен тәулікте 5300-ден астам адам екпе қабылдаған азаматтар тізіміне енгізілді.

Олардың қатарында мұғалімдер, медицина қызметкерлері, полицейлер, құқық қорғау қызметкерлері және басқа да тұрғындар саны басым.

Жалпы алғанда, облыста 49386 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.

«Айта кетерлігі, екпе қабылдаған азаматтардың 22117-і облыс орталығында тұрса, 26261-і аудандардың үлесіне тиеді. Екпе алған тұрғындар дәрігерлер бақылауында, денсаулық жағдайына шағымы жоқ», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Қызылордада емдеу орындары коронавирусқа қарсы вакцинаны аптасына жеті күн бойы салатын болды. Бұл жұмыстар 29 сәуірден бастап жүргізілуде.

Тұрғындар таңғы сағат 08.00-ден түнгі сағат 00.00-ге дейін вакцина салдыра алады.

Коронавирус инфекциясына қарсы екпе салдыру халыққа енді кез келген уақытта қолжетімді болмақ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT