+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Қызылордада 440 адам коронавируске қарсы екінші мәрте вакцина салдырды

2021 жылғы 28 ақпан 06:23
Бөлісіңіз:
Қызылордада  440 адам коронавируске қарсы екінші мәрте вакцина салдырды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада коронавирус инфекциясына қарсы 440 адам екінші мәрте вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Әзербайжанда жаппай вакциналау басталды Алматыда демалыс және мереке күндері вакцина салу жалғасады Өзбекстанда 1 миллионнан астам адам вакциналанды

Өңірге 1 ақпаннан бастап Ресейде өндірілген «Спутник-V» вакцинасының 1000 дозасы жеткізілді.

Алғашқы кезеңде вакцина 939 медицина қызметкеріне, қалғаны жергілікті тұрғындарға егілді. Бұл кезең 1-17 ақпан аралығында жүргізілді.

Ал келесі кезеңнің басталуы үшін науқас екпе алғаннан кейін арада 21 күн өтуі қажет. Осыған орай облыста екпе егудің екінші кезеңі 22 ақпаннан басталды.

«Екінші мәрте екпе салу 22 ақпаннан басталып, сол күні 90 адамға вакцина салынды. Оған 23 ақпанда 150, 24 ақпанда 75, 25 ақпанда 65 адам тартылды. Ал 26 ақпанда 60 адам сол шараның игілігін көрді», деп хабарлады Қызылорда облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінен.

Естеріңізге сала кетелік, Қызылордада бұдан бұрын коронавирусқа қарсы вакцина талапқа сай сақталатыны хабарланды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT