+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Қызылордада 42 жастағы ер азамат алғаш рет төлқұжат алды

2021 жылғы 23 сәуір 04:00
Бөлісіңіз:
Қызылордада 42 жастағы ер азамат алғаш рет төлқұжат алды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Шиелі ауданында 42 жастағы ер азамат алғаш рет төлқұжат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада бесінші сынып оқушысы каналға батып кетті Қызылорда облысында 63401 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды Қызылордада мұнай өнімін заңсыз сатқан 25 жастағы тұрғын сотталды

Шиелі ауданы полиция бөлімінің көші-қон қызметі бөлімше қызметкерлері аудан көлеміндегі тұрғындарды төлқұжатпен қамтамасыз ету бағытында нәтижелі жұмыстар жүргізіп келеді. Олардың арасында мүлдем құжат алмағандар, және Кеңес одағының 1974 жылғы ескі үлгідегі паспортымен жүрген азаматтар да кездеседі.

Оларды анықтау, барлық мүмкіндікті тиімді пайдалана отырып азаматтарды тез арада құжаттандыру бағытында жоспарлы іс-шаралар жүргізілуде.

«Осының нәтижесінде 42 жастағы ер азамат алғаш рет төлқұжат алды. 1979 жылдың 24 ақпанында дүниеге келген азамат ешқашан төлқұжат алмаған. Жеке басын куәландыратын құжаты болмауына байланысты ол биыл аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметі бөлімшесіне жүгінген болатын. Оған тиісті мемлекеттік қызмет көрсетілді. Қазіргі таңда аталған азаматтың құқықтық мәртебесі реттелді. Ол Қазақстан Республикасының жеке куәлігімен құжаттандырылды», - деп мәлім етті Шиелі аудандық полиция бөлімінен.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT