Қызылордада 42 градус аптап ыстық болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің бірнеше өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

6 шілде күндіз Қызылорда облысында 42°С аптап ыстық болады.

6 шілдеде Қостанай облысының кей жерлерінде күн күркіреп, дауыл тұрады. Бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады. Кей жерлерде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қостанай қаласында осы күні найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады. Жел екпіні - 15-20 м/с.

Соңғы жаңалықтар