Қызылордада 417 полицей коронавирусқа қарсы вакцина қабылдады

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қалалық полиция басқармасында еңбек ететін 417 қызметкер «Спутник V» вакцинасын салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олардың қатарында қалалық полиция басқармасының басшылары да бар. Қазірге дейін жеке құрамның бүгінде 417 қызметкері «Спутник V» вакцинасын салдырды. Полицейлердің алғашқы бөлігі екінші мәрте екпе қабылдап үлгерді. Солардың бірі Жедел басқару орталығы бастығының орынбасары, полиция майоры Жандос Құлманов.

«Бүгін екінші мәрте екпе салдырттым. Жағдайым жақсы, тұрақты. Мен вакцинацияны өз еркіммен алғым келді. Ол алдымен өзіңді және туыстарыңды қорғау үшін қажет деп білемін. Отбасымда коронавиурс инфекциясымен ауырған ешкім жоқ, жұқтырмас үшін осындай таңдау жасап отырмын. Бұл өз денсаулығыма деген жауапкершілік деп білемін», - деді Жандос Құлманов.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қызылордада коронавирус жұқтырғандар саны өсуіне байланысты тұрғындарға үндеу жариялан5ан болатын.



Соңғы жаңалықтар