+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Қызылордада 40 ауылдық округте әкім сайлауына 131 үміткер қатысуда

2021 жылғы 25 шілде 11:00
Бөлісіңіз:
Қызылордада 40 ауылдық округте әкім сайлауына 131 үміткер қатысуда

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 40 ауылдық округте әкім сайлауы өтуде. Оған барлығы 131 үміткер қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысының Шұбар ауылдық округіндегі әкім сайлауында 88 жастағы қария дауыс берді

Өңірдегі жеті ауданда ауыл әкімі сайлауы өтуде.

«Облыс бойынша 54 сайлау учаскескесінде дауыс беру өтіп жатыр. Оған 304 комиссия мүшесі тартылған. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерінің барлығы таңғы сағат 6.00-де ашылып, тиісті хаттама жасалды. Жергілікті уақыт сағат 7.00-ден бастап сағат 20.00-ге дейін комиссия мүшелері сайлаушыларға сайлау бюллетенін береді. Ал сайлаушылардың келуі туралы алдын-ала ақпарат 21.00-де ұсынылады», - деді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев.

Өңірде 40 ауылдық округ бойынша әкім сайлауына 151 кандидат ұсыныс білдірген болатын. Олардың арасында 53-і саяси партиялар құрамынан болса, 98-і өзін-өзі ұсынушылар.

Облыс бойынша 2 сайлау округінде 2, 28-де 3, 8-де 4, 1-де 5, 1-де 6 кандидат ел сеніміне ие болуға күш салады.

Сондай-ақ, 1 сайлау округінде 3, 10 округте – 2, 26 округте 1, 3 округте - тек өзін-өзі ұсыну жағдайы көрініс берді, оларда саяси партия өкілдері жоқ.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT