Қызылордада 4 жасар сәби екінші қабаттан құлап кетті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада төрт жастағы сәби көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 20 маусымда сағат 16.20 шамасында болды. Сәби Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентіндегі үш қабатты үйдің екінші қабатынан құлап кетті.

«Балдырғанды ата-анасы қараусыз қалдырған. Ол облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Жағдайы орташа деп бағаланып отыр. Оқиға орнына төтенше жағдайлар, басқа да сала мамандары келді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Жыл басынан бері Қызылордада дәл осындай төртінші жағдай тіркелді.

Ал 16 мамырда «Шұғыла» мөлтек ауданында екі жасар сәби терезеден құлап кетті.


Соңғы жаңалықтар