Қызылордада 36 жастағы ер адам көпірден секіріп, мерт болды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада көпірден секіріп кеткен 36 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 15 ақпанда сағат 14.00 шамасында болды. Облыс орталығындағы Ғ.Мұратбаев көшесінің бойында дарияның үстінен сол жағалауға өтетін көпірден 1985 жылы туған азамат секіріп кеткен. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жедел құтқару жасағының құтқарушылары оның денесін жағаға шығарып, полицияға тапсырды.

«Бүгін, 15 ақпанда Қызылорда қаласында сол жағалауға өтетін көпір үстінен Сырдария өзеніне секірген облыс орталығының тұрғыны көз жұмды. Ол бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, бұдан бұрын Қызылордада жол-көлік оқиғасынан 3 адам зардап шеккенін хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар