Қызылордада 34 жастағы тұрғын бір айдан бері табылмай жатыр

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласының 34 жастағы тұрғыны бір айға жуық уақыттан бері табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда қаласында тұратын Рахыметов Марат Нұрылдаұлы өткен жылғы 20 желтоқсанда үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан бері үйіне қайта оралмаған.

«Осыған байланысты Қызылорда қалалық Полиция басқармасы іздеу салады. Ерекше белгілері - бойы: 1,70 см, орта денелі, шашы сары, көзі кара, екі бетінде меңі бар. Киімдері: қоңыр түсті жемпір, көк түсті шалбар. Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда 8(7242)-29-75-20 телефондарына немесе 102 арнасына қоңырау соғуды сұраймыз», - деп жазылған Қызылорда қалалық полиция басқармасы таратқан хабарламада.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада 46 жастағы азамат алты айдан бері хабарсыз.


Фото: Қызылорда қалалық полиция басқармасы
Соңғы жаңалықтар