+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қызылордада 26 жастағы жігіт өзін өртемек болды

2019 жылғы 18 қазан 19:58
Бөлісіңіз:
Қызылордада 26 жастағы жігіт өзін өртемек болды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада 26 жастағы жігіт өзін өртемек болды. Оны №5547 әскери бөлімінің сарбаздары өлімнен құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Блокпостағы полиция өлімі: қылмыстық істің квалификациясы өзгертілді Жақсылық Үшкемпіров Кеңсай зиратына жерленді Қытайда «Хагупит» тайфуны салдарынан жүздеген мың адам қауіпсіз жерге шығарылды

Аталмыш оқиғаны қаладағы №5547 әскери бөлімінің мамандары растады. Келеңсіз оқиға 17 қазанда кешкі 19.00 шамасында «Шұғыла» мөлтек ауданында орын алған.

Әскери бөлімнің сарбаздары Сағдат Мейірбек, Бейбіт Есқара, Мейірбек Әбдіәзім өздеріне бекітілген аумақты аралап келе жатқан болатын. Сол сәтте гараждар арасынан адамның шыңғырған дауысын құлағы шалады. Сарбаздар дереу оқиға орнына жетіп, жанып жатқан адамның үстіндегі киімін шешіп алды. Өзін жерге аунатып, үстіндегі жанып жатқан отты өшірді.

№5547 әскери бөлімінің сол күнгі әскери жасақ кезекшісі Ақылбек Жұмабайдың айтуынша, өзін өртеген адамның денесінің біраз бөлігін күйік шалған. Сарбаздар дереу жедел жәрдем шақыртып, полицияға хабар берді. Өзін өртеуге ниет жасаған азамат 1993 жылы дүниеге келген Қызылорда қаласы «Сәулет» мөлтек ауданының тұрғыны екен. Оның суицидке бару себебі белгісіз.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT