Қызылордада 26 жастағы қала тұрғыны екі айдан бері табылмай жатыр

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Қызылордада үйінен белгісіз бағытқа кеткен 26 жастағы қала тұрғыны екі айдан бері табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жөнінде Қызылорда қалалық полиция басқармасы хабарлады.

Мәлім болғанындай, 26 жастағы Наурызбай Бану Шаймерденқызы 13 шілдеде үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан бері қайта оралмаған.

«Осыған байланысты Қызылорда қалалық полиция басқармасы іздеу салады. Оны Қызылорда қаласындағы Аманкелді көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің ауласынан соңғы мәрте көргендер бар. Бойы 160-165 см, орта денелі, шашы ұзынша келген және қара түсті, оң жақ көзінде меңі бар. Ақ түсті көйлек, аяғына ақ түсті кроссовка киген. Аталған хабарлама бойынша қандайда бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда 8 (7242) 29 75 20 телефон нөміріне немесе 102 арнасына қоңырау соғуды сұраймыз», - деп жазылған басқарма таратқан хабарламада.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада жоғалып кеткен 21 жастағы жігіт табылды.


Соңғы жаңалықтар