Jańalyqtar
Қызылордада 25 жастағы жігіт түн жарымда телемұнараға шығып алған
2021 жылғы 17 қаңтар 14:04
Бөлісіңіз:

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында телемұнараға шығып алған жігіт құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне түнгі сағат 00.23-те 25 жастағы жігіт Негодалов көшесіндегі телемұнараға көтеріліп, қайта түсе алмай тұрғаны жөнінде хабар түскен.
Департаментке қарасты жедел құтқару жасағынан 5 құтқарушы 1 техникамен, 5-інші өрт сөндіру бөлімшесінен 2 қызметкер 1 автосатымен оқиға орнына дереу жеткен.
«Телемұнараға үш құтқарушы шықты. Мамандар жігітті 116 метр биіктен төмен түсірді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінен.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Пікір қалдыру
Сондай-ақ... оқыңыз
- Алматы облысында пәтерден 3 адамның мәйіті табылды
- БҚО-дағы ауылда табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды
- Ақмола облысында көктемгі су тасқынының алдын алу үшін не істеліп жатыр
- Қызылордада коронавирус инфекциясын анықтайтын 3 зертхана іске қосылды
-
Қарағанды облысында боранды күні шығып кеткен ер адамның денесі табылды
-
Байқоңырда карантин шаралары 15 наурызға дейін ұзартылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам
ONLAIN QYZMETKERLER