+7 (701) 759 90 19
USD 378.86 EUR 416.78
RUB 6.06 CNY 54.62
Jańalyqtar

Қызылордада 2020 жылы шыны зауыты іске қосылады

2019 жылғы 12 желтоқсан 01:40
Бөлісіңіз:
Қызылордада 2020 жылы шыны зауыты іске қосылады

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада 2020 жылы шыны зауыты іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қосшы кентінің мәртебесі өзгеруі мүмкін Жаңа механизм бойынша көппәтерлі үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары қалай жүргізіледі Қазақстанда 26 жаңа гидротехникалық құрылым салу қажет - Мағзұм Мырзағалиев

Қуаты жылына 197,1 мың тонна шыны өндіретін зауыт 2020 жылдың шілде айында іске қосылады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында «Orda Glass Ltd» ЖШС-нің басқарма төрағасы Ержан Сағынбаев мәлімдеді.

«Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарына 11 мердігер компаниядан 219 жұмысшы жұмылдырылды. Құрылыс заттарының басым бөлігі жергілікті жерден алынған. Жұмысшыларға да бар жағдай жасалған. Зауыт толық іске қосылғанда 160 адам еңбекпен қамтылады. Сонымен қатар, шыны зауытының құрылысына бас мердігер ретінде қытайлық «Чайн Триумф Интернешнл Инжиниринг» трансұлттық компаниясы тартылды. Үстіміздегі жылдың 4 желтоқсанында серіктестік өкілдерінің «StewartEngineers» вице-президенті Волтером Дениэлмен кездесуі өтті. Нәтижесінде, екі тарап ортақ шешімге келді», - деді Ержан Сағынбаев.

Сондай-ақ, шыны зауытын газ және сумен жабдықтау, электр желілерін, автожол және байланыс орнату үшін жұмыстар жүргізілуде.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT