+7 (701) 759 90 19
USD 389.75 EUR 434.26
RUB 6.12 CNY 55.05
Jańalyqtar

Қызылордада 20 тарихи ескерткіш қайта жаңғыртудан өтті

2019 жылғы 22 мамыр 13:09
Бөлісіңіз:
Қызылордада 20 тарихи ескерткіш қайта жаңғыртудан өтті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында тарихи және мәдениет ескерткіштерін қалпына келтіру, зерттеу, қорғау және насихаттау бағытында нәтижелі жұмыстар атқарылып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында тарихи мұраларды сақтау мәселелері атап көрсетілген.

Сыр өңірінде 2013 жылдан бері облыс басшылығының қолдауымен тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңес жұмыс жасайды. Нәтижесінде алты жылға жуық уақыттан бері аймақта тарих және мәдениет ескерткіштерін қайта қалпына келтіру, зерттеу, қорғау, насихаттау бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды.

«Есепті мерзімде облыс көлемінде 20 ескерткіш қайта жаңғыртудан өтті. Оның ішінде Қорқыт ата ескерткіш кешені, облыстық әскери комиссариаттың шақыру пункті, облыстық тарихи-өлкетану музейі, Қалқай ишан кесенесі, Қалжан ахун мешіт-медресесі, Мырзабай ахун жерлеу кешені, Бауырластар бейіті, Ә.Молдағұлова, Ә.Егізбаев, С.Қожанов, Т.Жүргенов, З.Шүкіров, Ы.Алтынсарин мүсіндері облыстық бюджет есебінен жүргізілді. Ал А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет орталығы, Саяси-қуғын сүргін құрбандарына арналған ескерткіш қалалық бюджет есебінен жүзеге асты. Сондай-ақ, Марал ишан кесенесі Қармақшы аудандық бюджеті есебінен жүргізілді. 2017-2018 жылдары «Туған жерге тағзым» акциясы аясында демеушілік есебінен 4 ескерткіш қайта қалпына келтірілді», - дейді облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Әбуова.

Басқарма басшысының айтуынша, облыс бойынша жедел қайта жаңғыртуды қажет ететін архитектурасы ерекше 11 кесене мен мұнара бар. Сонымен қатар, осындай 62 ескерткіш қайта жаңғырту және консервациялауды қажет етеді. Бұл ескерткіштердің жай-күйіне тарихи-мәдени сараптама жасалған. Осы ретте, кезең-кезеңімен қаржы бөлу мәселесі туындап тұр.

Бұған дейін Қызылорда облысында 4 жыр мектебі ашылғаны хабарланған болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT