+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Қызылордада 2 ер адам бір әйелді жыныстық құлдықта ұстаған

2020 жылғы 21 қыркүйек 13:59
Бөлісіңіз:
Қызылордада 2 ер адам бір әйелді жыныстық құлдықта ұстаған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қызылорда облысында екі ер адам жыныстық құлдық үшін күштеп ұстаған әйел құтқарылды. Бұл туралы ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің басшысы Думан Таев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қызылорда облысында екі ер адам сексуалдық құлдық үшін бір әйелді апта бойы пәтерде күштеп ұстаған. Қазіргі уақытта әйел босатылды және ҚР Қылмыстық кодексінің 126-бабы бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр», - деді департамент басшысы министрлік ұйымдастырған апталық брифингте.

Сонымен бірге, Алматыда бес ай бойы 16 жастар қызды жезөкшелікке үгіттеген әйелдер ұсталды.

«Күдіктілер жасөспірім туралы ақпаратты интернет-ресурстарға жүктеген және жыныстық қызмет көрсету бойынша хабарландыру жасаған. Бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 134-бабына сәйкес («Кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту») іс қозғалды. Полиция анықтаған адам саудасының барлық құрбандарына арнайы және әлеуметтік көмек ұйымдары жәрдемдесті», - деді Думан Таев.

Спикердің айтуынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 8 бабында жауапкершілік қарастырылған, ондағы ең үлкен жаза – мүлкін тәркілеп, 18 жылға дейін бас бостандығынан айыру. Аталған нормаларға соңғы өзгерістер 2019 жылдың желтоқсанында енгізілген. Адам мүшелерін саудалау, жасөспірімдер саудасы мен жезөкшелікке тарту үшін жазалар күшейтілген.

Айта кетейік, Қазақстанда 1200 адам із-түссіз жоғалғандар санатында тұр.

Қазақстанда жыл сайын 80-ге жуық тұрғын адам саудасының құрбаны болады. Жыл сайын адам саудасына қатысты 180-ге жуық іс қозғалады. Мұндай қылмыс карантин кезінде де тіркелген.

Өткен аптада елімізде ауқымды «STOP трафик» операциясы жүргізілді және үш күнде полиция қызметкерлері адам саудасына қатысты 50-ден астам қылмысты анықтады.

Ақтөбе мен Жамбыл облыстарында шаруа қожалықтарында құлдықта болған азаматтар құтқарылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT