Қызылордада 2 автобус соқтығысып қалды

Фото:
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Қызылорда қаласында көктайғақ салдарынан жолаушылар тасымалдауға арналған екі автобус соқтығысып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 2 ақпанда сағат 08:00 шамасында Қызылорда қаласының сол жағалау бөлігінде болған.

«Сол аумақта орналасқан «Orda School» мектебінің жанында «Yutong» үлгісіндегі қоғамдық екі автобус соқтығысып қалды. Оқиға салдарынан зардап шеккен 3 жолаушыны дәрігер тексеріп, кейін үйлеріне қайтарған. Олардың жағдайы тұрақты. Жол-көлік оқиғасына байланысты тиісті құжаттар жинақталып, сараптамалар тағайындалды», - деді Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда мен Түркістан облыстарында ауа райының қолайсыздығынан көлік қозғалысы шектелді. Сондай-ақ Алматыда екі автобус соқтығысып, алты адам жарақат алды.



Автордың фотосы




Соңғы жаңалықтар