Қызылордада 19 медицина мекемесінде коронавирусқа қарсы егу жүргізілуде

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 19 медициналық мекемеде коронавирус инфекциясына қарсы егу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде 106 екпе кабинеті ашылып, 37 жылжымалы көшпелі пункттің жұмысы ұйымдастырылған. Ал, облыс бойынша 19 медицина мекемесінде коронавирус инфекциясына қарсы егу жұмыстары жүргізілуде.

Облыста 1 ақпаннан бері коронавирусқа қарсы салынатын вакцинаның 238 350 дозасы жеткізілген. Екпе қабылдаған азаматтарға «QazVac-in», «HayatVax», «Спутник – V», «CoronaVac» вакциналары салынуда.

Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін облыста 107344 адамға қатерлі індетке қарсы вакцина салынды. Олардың ішінде 43 мыңнан астамы облыс орталығының үлесіне тисе, қалғаны - аудандарда тұратын азаматтар.

«Облыс «жасыл» аймаққа тұрақтанды. Әлі де сақтық шараларын күшейтіп, тұрғындарды вакциналау жұмыстарын жандандыру керек. Қалыпты тіршілікке қайта оралуымыз үшін вакцинаны белсенді түрде салуымыз қажет. Бұл ретте облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері, барлық басқарма басшылары вакциналау жұмыстарын күшейту керек», - деді аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова облыс әкімдігінде өткен кеңейтілген отырыста.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада 105 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырғанын хабарлаған едік.



Соңғы жаңалықтар