+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Қызылордада 17 жастағы жасөспірім Сырдарияға батып кетті

2020 жылғы 26 мамыр 02:00
Бөлісіңіз:
Қызылордада 17 жастағы жасөспірім Сырдарияға батып кетті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Жалағаш ауданында 17 жастағы жасөспірім Сырдария өзеніне суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Батыс Қазақстанда суға кеткендердің тең жартысынан астамы – балалар Қостанай облысында жоғалып кеткен балықшының денесі судан шығарылды Оралда 11 жасар қыз бала суға кетті

Оқыс оқиға 25 мамырда жергілікті уақытпен сағат 17.00 шамасында болған. Ол Сырдария өзенінің рұқсат етілмеген аумағында суға түскен.

«Оқиға орнына 5 құтқарушы 1 автокөлік және 1 қайық барды. Құтқарушылар жедел әрекетке кірісті. Жасөспірімнің жансыз денесі сағат 18.49 шамасында жағаға шығарылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Қызылорда облысында жыл басынан бері барлығы 7 адам суға кетіп қайтыс болды. Оның біреуі - жасөспрім, екеуі - бала, қалғаны - ересек азаматтар. Сондықтан мамандар суға түсу барысында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды сұрайды. Былтыр бұл жағдайдан 26 адам қаза тапса, оның 10-ы бала.

Бұдан бұрын Қызылордада 10 жасар бала суға кеткен еді. Оны іздестіруге 53 адам жұмылдырылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT