Қызылордада 17 жастағы жасөспірім қыз төрт күннен бері табылмай жатыр

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада 17 жастағы жасөспірім қыз төрт күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полицияға 7 шілдеде азанғы сағат 9.00 шамасында Қызылорда қаласы Амангелді көшесінің тұрғыны Азалия Мингатаеваның жоғалғандығы туралы арыз түсті. Ол 2004 жылдың 4 мамырында дүниеге келген.

«Ата-анасының айтуынша, 17 жастағы​ жасөспірім 6 шілдеде күндізгі уақытта үйінен шығып кетіп, содан қайта оралмаған. Ерекше белгілері: Бойы 160-165 см, арық денелі, шашы қара түсті. Киген киімдері: қызыл түсті футболка мен белдемше, ақ кросовка. Жоғалған жасөспірім​ туралы қандай да бір ақпарат анықталған жағдайда​ Қызылорда облысы Полиция департаментіне,​ Қызылорда қалалық Полиция басқармасына шұғыл түрде хабарласуларыңызды сұраймыз. Байланыс нөмірлері:​ 8(7242) 29-70-10, 29-75-20, 29-75-07​ және 102 арнасы», - деп жазылған облыстық полиция департаменті таратқан хабарламада.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада 8 ай бұрын жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды.


Соңғы жаңалықтар