Қызылордада 17 жасқа толған азаматтардың әскери есепке тіркеу куәлігі тапсырылды

Фото: None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылорда қаласының «Тағзым» алаңында 17 жасқа толған азаматтарға әскери есепке тіркеу куәлігін тапсыру салтанатты шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Аталмыш шараға қала әкімінің орынбасары Роза Боханова, Ауған соғысының ардагері, Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы, генерал-майор Әлімжан Ерниязов, Ұлы Отан соғысының ардагері Ыдырыс Қалиев, Ауған және жергілікті соғыс ардагерлері қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қайраддин Баймаханов және ҚР Қорғаныс министрлігінің зейнеткері, запастағы подполковник Александр Ивановтар қатысты. Жастарға отансүйгіштік пен елжандылық тақырыбында тәрбиелік маңызы зор өсиеттер айтылды.

Қала әкімінің орынбасары Р. Боханова сөз сөйлеп: - Біріншіден, сіздерді бүгінгі өмірлеріңіздегі ең бір маңызды сәттердің бірі, кәмелет жасқа толып, әскери есепке тіркеу куәлігін алып елдің қорғаны болар азаматтардың қатарына қосылуларыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Қазақ қашанда «Ер - елдің қорғаны» деп, ер азаматтың қоғам алдындағы биік бағасын асырып, мерейін тасыта білген халық», - деді. «Биылғы жылы біз, бүгінгідей кең байтақ жерімізді ұрпаққа мұра етіп қалдырған, батыр бабаларымыздың аңызға берік ерліктерін әлемге паш ету мақсатында Қазақ хандығының 550 жылдығын, еліміздегі бейбітшілік пен берекелі тату тірліктің ұйытқысына айналған Қазақстан халқы Ассамблеясының, елдігіміз бен теңдігіміздің кепілі Конституциямыздың 20 жылдығын, аталарымыз бен аналарымыздың айбынды ерлігінің жемісі - Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз»,-деп қорытты сөзін әкімнің орынбасары.

Жалпы барлығы 30 жасқа әскери учаскесіне тіркелгендігі үшін арнайы тіркеу куәлігі табысталды.

Соңғы жаңалықтар