Қызылордада 17 кәсіпкерлік нысан Ashyq жобасынан уақытша шеттетілді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 17 кәсіпкерлік нысан Ashyq жобасынан уақытша шеттетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов айтты.

«Қазір елімізде эпидемиологиялық жағдай күрделі болып екені белгілі. Қызылорда облысы қазір «сары» аймақта тұр. Өңірде карантиндік шектеулер болса да кәсіпкерлердің жұмыс жасауына барынша мүмкіндік жасалған. Елімізде қолданысқа енгізілген «Ashyq» жобасы бойынша облыста 294 кәсіпкерлік нысанның өтініші негізінде оларға арнайы QR код берілген. Осы орайда кәсіпкерлер қойылған талаптарды толық орындауы тиіс. Десе де кейбір кемшіліктерге жол берген 17 кәсіпкерлік нысанның QR коды деактивацияланды. Себебі кәсіпкерлер келушілердің мәртебесін тексермеген. Яғни «чекин» аталмыш нысандарда мүлдем жүргізілмеген. Сол үшін олар әзірге 2 аптаға жобадан шеттетілді», - дейді палата директоры.

Оның айтуынша, жұмыс алгоритмін 3 рет бұзған қатысушы 2 айдан ерте жобаға қайта оралмайды. Ол мониторинг тобы ұсынған мәлімет бойынша жүзеге асады.

Бүгінде өңірде 294 нысанның ішінде 22-сі комиссия шешімімен «көшбасшы» мәртебесін алған.

Бұл мәртебе кәсіпкерлік нысанның қызметін келушілер тарапынан тұрақты чекин (жоба аясында статусын тексеру) жасалғандықтан берілген.


Соңғы жаңалықтар