Қызылордада 16 тойхана қызметін басқа бағытқа ауыстырды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 16 тойхана қызметін басқа бағытқа ауыстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Арал ауданындағы «Ханшатыр» тойханасы биылғы ақпан айынан бастап «Алматы сити» аралас сауда орталығы ретінде жұмыс жүргізеді. Кәсіпкер Ғазиз Камалов оыслайша 16 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Сауда орталығында аудан тұрғындарына қажетті барлық киім-кешек, балаларға арналған ойыншықтар, ыдыс-аяқ пен тұрмыстық заттар сатылады.

Қазалы ауданындағы «Рау Илья» тойханасы «Мүслім» қоғамдық тамақтану орнына бет бұрған. Бұл қоғамдық тамақтану орнының бір ерекшелігі ұлттық нақышта жабдықталған. Жүз адамдық тамақтану орнында кәсіпкер 15 адамды жұмыспен қамтып отыр. Сондай-ақ, «Алатау» мейрамханасы да осы жылдың наурыз айынан бастап супер маркетке бағытталып, жұмысын жалғастыруда.

«Мұндай орындардың облыстың Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарында және Қызылорда қаласында тіркелген. Атап айтқанда, Аралда - 4, Қазалыда -5, Қармақшыда - 6, Қызылордада - 1 тойхана қызметін басқа бағытқа ауыстырды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасынан.

Естеріңізге сала кетелік, соңғы күндерде Қызылордада коронавирус жұқтырғандар саны артты.



Соңғы жаңалықтар