Қызылордада 1590 тұрғын «Pfizer» вакцинасын салдырды
2021 жылғы 23 қараша 15:35

Қызылордада 1590 тұрғын «Pfizer» вакцинасын салдырды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында қазірге дейін 1590 тұрғын «Pfizer» вакцинасын салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірде коронавируске қарсы қайта вакцинациялау барлық емханада ұйымдастырылуда. Қазіргі дейін облыста 1590 тұрғын «Pfizer» вакцинасын салдырды.

«Оның ішінде жасөспірімдер - 1156, жүкті әйелдер - 233 адам болса, бала босанғаннан кейінгі аналар - 201. Ендігі кезекте жағдайды ушықтырмау - сіз бен біздің қолымызда. Сол себепті вакцина салдырып, ұжымдық иммунитет қалыптастыруға асығайық», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шайымбетов.

Қазірге дейін облыста 397736 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін салдырды. Ал екінші компонентпен қамтылғаны - 336883 адам.


Jańalyqtar

MURAǴAT