Қызылордада 15 жастағы жасөспірім суға батып кетті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласына саяжайдың бірінде рұқсат етілмеген аумақта 15 жастағы қыз бала суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол кешкілік уақытта суға түскен. Дегенмен қауіпсіздік ережесін сақтамау салдарынан тілсіз жаудың құрбаны болды. Төтенше жағдайлар департаментіне қарасты судан құтқару қызметінің мамандары оның жансыз денесін жағаға алып шықты.

Осындай оқиға Жаңақорған ауданы аумағында орын алған. Жер асты суымен толған карьерге суға түскен 1960 жылғы азамат батып кетті. Әріптестері оның жансыз денесін жағаға шығарды.

Жыл басынан бері облыс аумағында су айдындарында 17 қайғылы оқиға тіркелген. Оның ішінде бесеуі балалар.

«Облыстың су айдындарында, әсіресе, Сырдария өзенінде жылда азаматтардың әртүрлі себептермен қайғылы жағдайларға ұшырауы орын алып жатады. Суда адамдардың қаза болуының негізгі себебі - қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзуы. Атап айтсақ, өзен немесе каналдардың кез келген әрі зерттелмеген ағысы жылдам, терең, жағалары тік жар жерлеріне суға түсуі, балалардың ересектердің бақылаусыз су жағасына баруы мен суға түсуі, олардың жүзе білмегендігі қайғылы оқиғаларға әкеліп соқтыруда»,- деді «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Бақыт Ембергенов.

Бұдан бұрын Қызылордада 55 жастағы азаматтың суға батып кеткенін хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар