Қызылордада 14 жастағы жасөспірім суға батып кетті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласы аумағындағы Қараөзек стансасы маңындағы каналға шомылмақ болған 14 жастағы жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2005 жылы туған бала Қараөзек стансасындағы №128 негізгі мектепте 7 сыныпта оқиды. Дәл осындай жағдай Байқоңырда да тіркелді. Бұл қаладағы №272 мектептің 2 сынып оқушысы Сырдария өзенінің рұқсат етілмеген аумағында суға түсіп, тілсіз жаудың құрбанына айналды.

Қызылорда облысында жыл басынан бері 5 адам суға кеткен. Оның екеуі бала. Былтыр дәл осындай жағдайдан 22 адам көз жұмған. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Омар Бержановтың айтуынша, қауіпсіздік ережелері сақтала бермейді. Ересектер балаларды бақылаусыз қалдырады. Сондай-ақ, облыста талапқа сай келетін жағажайлар санаулы. Оның бірі Шиелі ауданы аумағында тіркелсе, қалған екеуі Қызылорда қаласында орналасқан.

Облыс басшылығы тарапынан мұндай келеңсіз жағдайлардың алдын алу бағытында тиісті басқармалар мен жергілікті әкімдерге қауіпсіздік шараларына қатаң көңіл бөліну қажеттігі міндеттелді.

Соңғы жаңалықтар