+7 (701) 759 90 19
USD 380.19 EUR 419.01
RUB 6.08 CNY 54.81
Jańalyqtar

Қызылордада 14 мал ұрлығы қылмысының беті ашылды

2019 жылғы 12 желтоқсан 04:15
Бөлісіңіз:
Қызылордада 14 мал ұрлығы қылмысының беті ашылды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада полиция қызметкерлері «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында облыс бойынша 14 мал ұрлығы қылмысын ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Бірқатар ауыл әкіміне жемқорлық қылмысын жасады деген күдік келтіріліп отыр Алматыда Мәжіліс депутатын тонап кетті СҚО-ның сәулет-құрылыс саласының басшылығына пара алды деген күдік келтіріліп отыр

Аталмыш шараны Қызылорда облысының полиция департаменті, қалалық полиция басқармасының қызметкерлері ветеринария басқармасының өкілдерімен бірлесе отырып ұйымдастырды. Шара аясында малдарды құжатсыз әкелу, мал союға және ет сатуға арналған сертификаттың жоқтығын анықтау бағытында жұмыстар жүргізілді.

«Осыған қарай, барлық сауда орталықтары және басқа да ет павильондары мен мал сою бекеттері тексерілді. Іс-шара аясында облыс бойынша 14 мал ұрлығы ашылды. Бүгінгі таңда облыс және қала аумағында барлық мал сою мен ет бөлуге арналған жерлерде бейнебақылау камералары орнатылды. Мал ұрлықтарының алдын алу үшін құжатсыз мал басын тасымалдайтын 245 көлік құралдары тексерілді. Олардың ішінде 38-і мал тасымалдаумен айналысқан», - деп мәлім етті Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT