+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Қызылордада 13 жастағы жасөспірім қыз екі күннен бері табылмай жатыр

2021 жылғы 20 маусым 02:55
Бөлісіңіз:
Қызылордада 13 жастағы жасөспірім қыз екі күннен бері табылмай жатыр

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында 13 жастағы жасөспірім қыз бала екі күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда қаласына қарасты Махамбетов ауылында тұратын 2008 жылғы Бағдатқызы Замира есімді жасөспірім қыз 18 маусымда сағат 12:30 шамасында белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған. Осыған байланысты Қызылорда облысының Полиция департаменті оған іздеу салады.

«Оның ерекше белгілері: бойы 155 см, арық денелi, қараторы келген, шашы қоңыр түсті иығынан келеді, қысынқы көздi. Ол қызыл түсті шорты, қызыл түсті футболка киген. Қандайда бір ақпарат немесе жүрген жерлері туралы мәлімет білген жағдайда 8(7242)-29-70-10, 8(7242)-29-75-20, 8(7242)-29-75-02, 8-705-255-81-2 5телефон нөмірлеріне хабар берулеріңізді сұраймыз», - деп жазылған облыстық полиция департаменті таратқан хабарламада.

Айта кетсек, бұдан бұрын Қызылордада түн ішінде жоғалған 12 жасар бала ауылдағы әжесінің үйінен табылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT