16:15, 27 Қазан 2016 | GMT +6
Қызылордада 13 адам көмірқышқыл газымен уланды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Жылу беру маусымы басталған, яғни 15 қазанынан бастап облыс бойынша 7 рет көмірқышқыл газымен улану жағдайлары орын алды,-деп хабарлады ҚазАқпарат ОТЖД сілтеме жасап.
Оқиға кезінде 13 адам көмірқышқыл газымен уланып, ауруханаға түскен. Олардың 8-і бала, 5-еуі ересек адам.
Осыған байланысты, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуын және пешті пайдалануда өрт қауіпсіздігі ережесі талаптарын қатаң сақтауды ескертеді.