+7 (701) 759 90 19
USD 425.95 EUR 495.12
RUB 6 CNY 66.6
Jańalyqtar

Қызылордада 126 оқу сыныбы 14 күнге карантинге жіберілді

2021 жылғы 28 қыркүйек 17:47
Бөлісіңіз:
Қызылордада 126 оқу сыныбы 14 күнге карантинге жіберілді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жаңа оқу жылында 126 оқу сыныбы 14 күнге карантинге жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Фейк: Вакцина алған ата-аналардан гибрид балалар туады Алматыда Еуропа елдері мен Ресейден келгендерді тексеру күшейтілді Коронавирус салдарынан адамның есте сақтау қабілеті нашарлайды- Жандарбек Бекшин

Өңірде жаңа оқу жылында оқуды дәстүрлі форматта бастаған 126 бала коронавирус инфекциясын жұқтырды. Басым бөлігі қала мектептерінде анықталған. Салдарынан 126 оқу сыныбы 14 күнге карантинге жіберілді.

Сондай-ақ дәстүрлі форматта оқу процесін бастаған мектеп мұғалімдері арасында КВИ-дің 17 жағдайы есепке алынған. Оларға эпидемияға қарсы барлық шаралар орындалған.

«Облыста карантин талаптарының сақталуына мониторинг жүргізу жалғасуда. Ағымдағы жылдың басынан бері бүгінге дейін мониторингтік топтың рейдтік тексерістерімен 14 386 нысан қамтылды. Нәтижесінде 788 карантин талаптарын бұзушылық анықталды. Дегенмен карантин талаптарын бұзушылықтар әлі де жалғасуда. Жыл басынан бері 500-ден астам той өткізу анықталды», - деді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жаңабергенова.

Еске салсақ, Қызылордада «Ashyq» жүйесі арқылы оқшаулану тәртібін бұзған 1111 азамат анықталды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT