+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Қызылордада 11 жасар бүлдіршін сіңлісі мен екі бауырын өрттен құтқарып қалды

2016 жылғы 11 ақпан 22:20
Бөлісіңіз:
Қызылордада 11 жасар бүлдіршін сіңлісі мен екі бауырын өрттен құтқарып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың 11 ақпанында сағат 12:05-те Қызылорда қаласында «101» нөміріне М.Маметова көшесі, 12 мекенжайы бойынша орналасқан жеке тұрғын үй жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

«Дереу оқиға орнына Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №12 өрт сөндіру бөлімінің екі тобы жіберілді. Оқиға болған жерге келіп жеткен уақытта, үйдің барлық терезелерінен қалың түтін қаулап шығып жатты. Көшеде жеңіл киіммен төрт бала тұрды», делінген ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Өрт кезінде үйдің бір бөлмесінде балалар болған, үлкені Бисенбаева Аружан 2004 жылы туған. Аружан есікті ашып, түтінді көреді. Жанып жатқан үйден шығатын жер өрттен көрінбеді. №10 орта мектептің 6 сынып оқушысы терезеден шығып, балаларды құтқару керек деп шешім қабылдайды. Аружан өзінің жас шамасына қарамай, өзінің бауырларына терезеден шығып, үлкендерді көмекке шақыруға көмектескен. Осылайша, 2004 жылы туған сіңілісі Айшаны, 2013 және 2011 жылдары туған інілері Нұрсұлтан мен Нұрисламды құтқарады. Балалар улы газбен уланып, облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Аружанның сасқалақтамай, қорықпағанының арқасында, қайғылы жағдайдан құтылуға мүмкіншілік туды.

Өрттің таралуы сағат 12:34-те тоқтатылып, сағат 13:25-те жойылды. Өрт сөндіруге 13 адам және 5 бірлік өрт сөндіру-құтқару техникаласы қатысты. Өрттің себебі анықталуда.

null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT