Қызылордада 11 бала тәрбиелеген Батыр ана баспаналы болды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Ауылшаруашылығы саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев «Құрмет» орденінің кавалері, Социалистік Еңбек ері, 11 бала тәрбиелеп өсірген Батыр ана Сәлима Жұмабековаға жаңа үйдің кілтін табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, Қызылордада егін жинау науқанының аяқталуына орай мерекелік іс-шаралар өтіп жатыр. Салтанатты шарада облыс әкімі диқандарды егін жинау науқанының сәтті аяқталуымен құттықтап, сала бойынша үздік қызметкерлер мен ардагерлерді марапаттады.

«Алтын дән» еңбек мерекесінде Социалистік Еңбек ері, 11 бала тәрбиелеп өсірген Батыр ана, Ыбырай Жақаевтың шәкірті Сәлима Жұмабековаға жаңа баспананың кілтін өңір басшысы тапсырды.

«Сыр елін «Алаштың анасы» деп атайды, ал Сәлима Жұмабекқызын «Сыр анасы» деп атауға болады», - деді Қырымбек Көшербаев.

Өз кезегінде Сәлима апа облыс басшылығына қамқорлығы мен жаңа кең баспана үшін алғысын білдірді.

Сәлима Жұмабекова 1935 жылы 25 тамызда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ленин ауылында дүниеге келген. КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған, сондай-ақ, өзі туған ауылда ауылдық кеңесті басқарған.

null  

Соңғы жаңалықтар