Қызылордада 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқитын болды

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - 12 қаңтарда Қызылорда қаласында 0-4 сынып оқушылары қашықтықтан білім алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соңғы күндерінде Қызылорда қаласы бойынша ауа райының қолайсыздығы байқалады.

«Осыған байланысты 12 қаңтар күні 0-4 сынып оқушылары қашықтықтан оқытылады. Қаладағы 55 мектепте білім алатын 31 509 оқушы сабақты қашықтан оқиды», - деп атап өтті Қызылорда облыстық білім басқармасынан.

Қызылордалық бастауыш сынып оқушылары 11 қаңтарда ауа райы қолайсыздығына байланысты қашықтан оқуға мәжбүр болды.

Сондай-ақ, ертең Астана мен бірнеше өңір оқушылары үйден оқиды.

Олардың қатарында Астана, Алматы, Қарағанды, Семей, Ақтөбе қалалары және Ұлытау облыстары бар.

Соңғы жаңалықтар