Қызылорда жыл үздіктері марапатталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылордада жыл үздіктері марапатталды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Қызылорда қаласында өткізілген 2013 жылды қорытындылауға арналған салтанатты шарада қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан «Жыл үздіктерін» марапаттады», - делінген хабарламада.

Жыл үздіктері атанғандар арасында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі, спортшы, мұғалім, полиция қызметкері, мәдениет саласының маманы, шаруа адамы, құрылысшы және меценат бар.

Соңғы жаңалықтар