Қызылорда жұртшылығы Жаңа жылды биыл жаңа уақыт бойынша қарсы алды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда жұртшылығы биыл Жаңа жылды жаңа уақыт бойынша қарсы алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетелік, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Сыр жұртшылығы желтоқсанның 20-нан 21-не қараған күні 5-ші уақыт белдеуінен 4-ші уақыт белдеуіне көшті. Осының нәтижесінде Қызылорда облысында сағат тілі бұрынғы уақытынан бір сағат кейінге шегерілді.

Сыр өңіріндегі уақыт белдеуін бір сағат кейінге өзгерту туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев мәлімдеме жасады.

Облыс әкімінің айтуынша, уақытты есептеу тәртібін өзгертудің орындылығы туралы мәселе бейінді институттар мен мүдделі мемлекеттік органдардың ұстанымдары ескеріле отырып зерделенгені айтылды.

Сондай-ақ, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов осыған орай баспасөз мәслихатында: «Сыр өңірінде табиғи биологиялық уақыттан ауытқушылық мәселесі соңғы 10 жыл бедерінде жиі көтеріліп келді. Түрлі ғылыми-зерттеу институттары да өмір сүру ритмінің бұзылуы тұрғындардың денсаулығына теріс әсер ететінін растады. Облыста уақытты өзгертуге байланысты тұрғындар арасында арнайы сауалнама жүргізіліп, оған қатысушылардың 70 проценті уақыт белдеуін өзгерту қажет деген пікір білдірген», - деп атап өткен еді.

Соңғы жаңалықтар