Қызылорда жұртшылығы елорданың Нұр-Сұлтан аталуына қолдау білдірді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында елорданың Нұр-Сұлтан аталуын қолдау мақсатында «Алғашқы астанадан сәлем!» атауымен патриоттық шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда қалалық А. Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде өткізілген облыстық шараға ардагерлер, этно-мәдени бірлестік өкілдері, үкіметтік емес ұйым және белсенді жастар қатысты.

Патриоттық шара Елбасының ел тарихындағы еңбек жолына арналған 9 минуттық бейнероликтен басталды. Шара барысында аймаққа белгілі қоғам өкілдері өз пікірлерін білдірді. Патриоттық жиын облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамовтың кең ауқымды алғысөзімен бастау алды.

Одан кейін Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ардагерлер кеңесінің төрағасы, экономика ғылымдарының кандидаты Қазыбай Құдайбергенұлы, Қазақстан халықтары ассамблеясы орыс қауымдастығының Қызылорда облысы бойынша филиалының төрағасы Владимир Толоконников, ақын, облыстық мәслихат депутаты Шәкизада Әбдікәрімов, Қызылорда облысының «Азаматтық Альянсы» қауымдастығының төрағасы Жандос Базартай өз пікірлерін ортаға салды. Олар елорданың Нұр-Сұлтан аталуы еліміздің жаңа тарихи даму кезеңіне даңғыл жол салатынына тоқталып өтті.

Республикаға белгілі айтыскер ақын, «Алтын домбыра» иегері, Сырдың саңлақ ақыны Мұхтар Ниязов өз сөзін арнаумен жеткізіп, елорданың Нұр-Сұлтан қаласы атауына ауысуын тарихи дәлелдермен келтірілген жыр-шумақтарымен өрбітті.

null

Соңғы жаңалықтар