Қызылорда-Жезқазған жолында қалған жолаушылар құтқарылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордалық төтенше жағдайлар саласының мамандары Қызылорда мен Жезқазған арасындағы автожолда қалып қойған жолаушыларды құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жолаушылар  «Қызылорда-Павлодар-Успенка» тас жолында ауа райының қолайсыздығынан сапарын жалғастыра аламаған. Тас жол үстіндегі көктайғақ салдарынан жолаушылары бар автобустың ілгері жылжуға мүмкіндігі болмаған. 

«Жасақ құтқарушылары Қызылорда-Жезқазған тас жолында 84 шақырым қашықтықта 10 адамы бар «Астана-Қызылорда» жолаушылар автобусына көмекке келді. Зардап шегушілер ыстық шаймен қамтамасыз етілді. Құтқарушылар жолда қалған адамдарды Қызылорда қаласына алып келді», - делінген Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада.

Соңғы жаңалықтар