Қызылорда және Қостанай облыстарында күшті жел соғады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Синоптиктер Қазақстанның екі облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

27-29 қыркүйек күндері Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге, ал 28 қыркүйек күні екпіні 23-28 м/с-қа жетуі ықтимал.

Қостанай облысында 27 қыркүйекте тәулік бойы оңтүстік-батыстан жел соғады.  Кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді деп күтілуде.

Дауыл тұру ықтималдығы - 90-95%.

Соңғы жаңалықтар