Қызылорда және Ақтөбе облыстарында жел күшейеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Синоптиктер Қызылорда және Ақтөбе облыстарында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

17 қаңтар күні таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан және шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді, 18-19 қаңтар күндері жел екпіні 23 м/с дейін жетуі ықтимал.

17 қаңтарда Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Күндіз кей жерлерде тұман түседі.

Соңғы жаңалықтар