Қызылорда түрмесінде сотталғандар өз денелеріне жарақат салды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Қызылорда облысының Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде ауыр қылмыспен сотталған азаматтар камераларға жүргізілген тексеруге наразылық білдіріп, өз денелеріне жарақат салған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Polisia.kz сайтының жазуынша, наразылық акциясына қатысқан үш адамның біреуі кісі өлтіргені үшін, тағы бірі қарақшылық жасағаны, үшіншісі денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін сотталған.

«Оқиға орнына жедел тергеу тобы, қоғамдық бақылау комиссиясының өкілдері, сондай-ақ облыстық Қылмыстық-атқрау жүйесі департаментінің басшылығы келді. Келген комиссияға сотталғандар өздері жатқан камераларда тінту іс-шараларын жүргізуге, сол тексеру қорытындысы бойынша тыйым салынған заттарды пайдаланғаны үшін тәртіптік жаза қолданылатынына келіспейтіндерін айтты. Өздері салған жарақатты емдеу үшін сотталғандар Қызылорда облысының облыстық медициналық орталығына жеткізілді. Медицина қызметкерлері оларды ауруханада емдеу қажет еместігін айтты. Аталған қарсылық әрекет ақпаратты есепке алу кітабында тіркеліп, қызметтік тексеру тағайындалды. Барлық тексерулердің қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнама шеңберінде тиісті шаралар қабылданады», - деп жазады Polisia.kz.


Соңғы жаңалықтар