Қызылорда тұрғынынан 26 киіктің ұшасы тәркіленді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылорда тұрғынынан 26 киіктің ұшасы тәркіленді, деп хабарлайды polisia.kz сайты.
«Қызылорда облысы ПД-нің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері және Арал аудандық ПБ мен «Охотзоопром ӨБ» РМҚК бірлескен жедел – іздестіру жұмыстары нәтижесінде 37 жастағы аудан тұрғынының үй ауласындағы сарайынан 26 киіктің ұшасы табылды.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 339-бабы 2-бөлігімен («Киікті заңсыз қолға түсіру, жою, сол сияқты заңсыз қолға түсірілген киікті немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау») сотқа дейінгі тергеп–тексеру амалдары жүргізіліп жатыр» делінген хабарламада.
Тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Соңғы жаңалықтар