Қызылорда тұрғыны принтерде басып шығарылған 20 мың теңгелік жалған ақшаны өткізді деп айыпталды

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қаржы мониторингі агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жалған банкноттарды сақтау және бірнеше рет өткізу фактісі бойынша қылмыстық істің тергеуін аяқтап, іс материалын сотқа жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қызылорда қаласының 28 жастағы тұрғыны номиналы 20 000 теңгелік бірнеше банкнотты сақтағаны және оларды жанар-жағармай бекеті мен автобөлшек сататын дүкенге өткізгені үшін айыпталды.

Зат сатып алып, құны 20 000 теңгелік банкнотты өткізе отырып, қайтарымына ҚР Ұлттық банкінің түпнұсқа банкноттарын алып отырған.

Азамат өз кінәсін толық мойындады.

Криминалист мамандардың зерттеуі барысында өткізілген банкноттардың Ұлттық банктің ақша белгісіне сәйкес келмейтінін және ақшаның принтерде басып шығарылғаны белгілі болды.

Айта кетейік, Қазақстан заңнамасында бұл қылмыс үшін 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жауапкершілік көзделген.


Соңғы жаңалықтар