+7 (701) 759 90 19
USD 425.63 EUR 515.99
RUB 5.92 CNY 66.52
Jańalyqtar

Қызылорда тұрғыны полицейлерге қарсылық көрсеткені үшін қамауға алынды

2021 жылғы 13 мамыр 15:50
Бөлісіңіз:
Қызылорда тұрғыны полицейлерге қарсылық көрсеткені үшін қамауға алынды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі кеңес құрылды Елорда тұрғыны иесіз тұрған көлікті айдап әкетіп, бұталардың арасына жасырып қойған ШҚО-да өрт сөндіру көлігіне жол бермеген 18 жүргізушіге айыппұл салынды

12 мамыр күні сағат 13:00 шамасында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері орталық көшелердің бірін патрульдеу барысында «Audi» көлігін алдыңғы нөмірі болмағаны үшін тоқтатқан.

Жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында көліктің құжаттары жоқтығы анықталған. Бұл, Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын бұзу болып табылады.

Осыған байланысты автокөлікті айып тұрағына алып бару шешімі қабылданған.

«Алайда, бұл шешіммен жүргізуші келіспей, полиция қызметкерлеріне балағат сөздер айтып, өзіне қатысты жасалған ескертулерге мән бермеген.

Бұдан бөлек, тәртіп сақшыларына қарсылық көрсетіп, оларға күш қолданып, заңға қайшы іс-әрекеттер жасаған.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 380-бабы 1-бөлігімен (Билік өкіліне қатысты күш қолдану) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды», - делінген ақпаратта.

Қылмыстық істі тергеп-тексеру барысында жүргізуші 2016 жылы осы тектес қылмысты жасағаны үшін сотты болып, оған бір жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалғаны белгілі болды.

«Күдікті Қызылорда қалалық ПБ-ның уақытша ұстау абақтысына жеткізілді. Мән-жайлар анықталуда. Полиция қызметкерлерінің іс-әрекетіне құқықтық баға берілетін болады», - деп нақтылады полициядан.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT