Қызылорда тұрғыны Конго-қырым қанды безгегінен көз жұмды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында Конго-қырым қанды безгегі диагнозымен бір азамат көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұдан бұрын облыста Конго-қырым қанды безгегіне шалдықты деген күдікпен үш адамның ауруханаға жатқызылғаны хабарланған болатын. Шиелі ауданы Досбол би ауылының 29 жастағы тұрғыны 15 маусымда Шиелі аудандық ауруханасына жатқызылған еді. Науқас кеше, 24 маусым күні ауруханада көз жұмды.

«Науқасқа тиісті емнің барлығы жасалды. Конго-қырым қанды безгегі диагнозы нақтыланды. Сондай-ақ Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентіне қарайтын Сабалақ елді мекенінде тұратын 1985 жылы дүниеге келген азамат 22 маусымда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған еді. Науқасқа Конго-қырым қанды безгегі болжамды диагнозы қойылған. Бұл бойынша зертханалық тексерулер жүргізілуде, диагнозы әзірге нақтыланған жоқ», - деді Қызылорда облысы Тауарлар мен қызметтердің сапасы қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Ғалия Байменова.

Соңғы жылдарда Сыр өңірінде кенелі аймақтар қатары артып кетті. Қазіргі таңда аймақта 123 елді мекен 2019 жылдың эпидемиологиялық маусымында аталмыш ауру бойынша қолайсыз аумақ ретінде тіркелген.

«Барлық аудандар мен Қызылорда қаласындағы қолайсыз елді мекендерде басқарма мамандары мал қораларының механикалық тазалануына зерттеу-зерделеу жұмыстарын жүргізді. Ол жұмыстар арнайы техникалармен орындалды», - деді Қызылорда облыстық Ветеринария басқармасының басшысы Ерсұлтан Әпетов.

Соңғы жаңалықтар