+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Қызылорда трассасында 5 адам мінген көлік каналға құлап кетті

2021 жылғы 17 мамыр 12:27
Бөлісіңіз:
Қызылорда трассасында 5 адам мінген көлік каналға құлап кетті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада бес адам мінген көлік каналдағы суға құлап кетті. Бір адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Оралда автокөлік қағып кеткен велосипед мінген ер адам ауруханаға жеткізілді Батыс Қазақстанда автокөлік аударылып, жүргізуші қаза тапты Атырау облысында жүк көлігі басқан жігіт мерт болды

Оқиға бүгін, 17 мамырда сағат 04.50 шамасында болды. Бес адам мінген «Skoda» көлігі «Қызылорда-Жезқазған» трассасы бойындағы каналға құлап кеткен.

«Облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне түскен аталған шақырту бойынша оқиға орнына жедел құтқару жасағының құтқарушылары дереу жетті. Автокөлік ішінде жүргізушіден бөлек, 4 жолаушы болғаны анықталды. Олар жедел жәрдем қызметі арқылы дәрігер қарауына жөнелтілді. Олардың денсаулығы қалыпты. Дәрігерлер тексеруінен өтті. Оқиға орнында 1961 жылы туған жолаушы көз жұмғаны белгілі болды. Құтқарушылар оның жансыз денесі мен автокөлікті сыртқа шығарып алды», - деп мәлім етті облыстық Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын Шиеліде катамараннан көлге құлап кеткен жігіт ажал құшты.

Сондай-ақ, Қызылордада бесінші сынып оқушысы каналға батып кеткен еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT