+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасына жаңа басшы тағайындалды

2021 жылғы 27 шілде 23:33
Бөлісіңіз:
Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасына жаңа басшы тағайындалды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылорда облысында әлеуметтік дүкендер саны 34-ке жетті Қызылордалықтардың 72,7 пайызы вакцинаның бірінші компонентін алды Қызылорда облысында 3 мыңнан астам нысан «Ashyq» жүйесімен жұмыс істеп тұр

Облыс әкімінің өкімімен Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасының басшысы қызметіне Медет Усаин тағайындалды.

М. Усаин 1987 жылы дүниеге келген. Қ. Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университетін «Көлік, көлік техникасы және технологиясы», Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы ретінде бастаған.

2012-2016 жылдары – Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бас маманы, Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары болған.

Ал 2016-2020 жылдары Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы қызметін атқарса, 2020 жылдың мамыр айынан облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы болды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT