Қызылорда облысының Жалағаш ауданында 4 млрд теңгенің әлеуметтік нысандары салынуда

None
None
ЖАЛАҒАШ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Жалағаш ауданында жыл басынан бері 4 млрд 111 млн теңгенің құрылысы салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауданда «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында көптеген жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, бағдарлама бойынша Жалағаш кентінде 200 орындық Оқушылар үйі мен 50 орындық Өнер мектебін салуға 420 млн теңге бөлінді. Бұл нысандар жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

«Аудан орталығында 100 төсектік орталық аурухана ғимаратының құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Оның құны - 3,9 млрд теңге. Ал «Дене шынықтыру-сауықтыру кешені» ғимараты құрылысына жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп, сараптамадан өткізілуде. Бұрынғы емхана ғимаратын балабақша етіп қайта жаңғыртуға 249,7 млн теңге қаржы бөлініп, ол жұмыс 98 пайызға орындалды», - деді аудан әкімі Асылбек Шәменов.

Бұған дейін Жалағаштағы бронды кеудеше мен әскери каска жасайтын өндіріс орны туралы жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар