+7 (701) 759 90 19
USD 376.42 EUR 417.41
RUB 6.09 CNY 54.54
Jańalyqtar

Қызылорда облысының үздік ауылы анықталды

2019 жылғы 12 желтоқсан 19:05
Бөлісіңіз:
Қызылорда облысының үздік ауылы анықталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Қызылорда облысындағы үздік ауыл анықталды. Бұл шара еліміз бойынша тек Қызылорда облысында дәстүрлі түрде өткізіліп келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Байқаудың мақсаты - жұртшылықтың қоршаған ортаны қорғау мен орнықты даму мәселелерiн шешуге жан-жақты қатысуын қамтамасыз ету. Оның басты ережесі тірек ауылдық елді мекендер арасында екі санат бойынша, сондай-ақ, көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазалықтың жай-күйі бойынша бағаланды.

Байқау екі кезеңнен тұрады. Алғашқысында аудан және қалаішілік, екінші кезеңде облыстық байқау өткізіледі. Облыстық комиссия аудан, қала әкімдіктері ұсынған ауылдық округтердің құжаттарымен танысып, бағалап, үздік ауыл анықталады.

Бүгін облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов «Үлгілі ауыл» байқауы жеңімпаздарын марапаттады.

«Ауылдардың жағдайын жақсартып, жергілікті халықтың тұрмысын көтеру үшін елімізде «Ауыл - ел бесігі» жобасы қолға алынған. Бұл мақсатта елді мекендерді дамытуға бағытталған ауқымды істер жүргізілуде. «Ауыл - ел бесігі» арнайы жобасын жүзеге асыруға биыл облыста 1,9 млрд теңге қаржы бөлінді. Ал 2020 жылға «Ауыл - ел бесігі» арнайы жобасын іске асыруға 1,6 млрд теңге қарастырылған. Соның негізінде 4 елді мекен бойынша 31 жоба іріктелді. Сонымен қатар, бүгін жеңімпаз болып танылған ауылдық округтерге берілген қаржылай сыйақының 80 пайызы сол ауылдың көркейіп-көгалдануына, абаттануына, санитарлық тазалығына жұмсалуы тиіс»,- деді облыс әкімі.

Нәтижесінде тіректі елді мекендер байқауында Қармақшы ауданының ІІІ Интернационал ауылы жеңімпаз атанып, 10 млн теңге сыйақы берілді. Екінші орынға Жалағаш ауданы Аққұм, үшінші орынға Сырдария ауданы Ақжарма ауылдары ие болды. Оларға 5-7,5 млн теңге табыс етілді. Ал елді мекендер бойынша Жалағаш ауданы Таң ауылы лайықты деп танылып, олар 10 млн теңге сыйақыға қол жеткізді. Одан кейінгі орындардағы Шиелі ауданы Гигант және Жаңақорған ауданы Қожакент ауылы 5-7,5 млн теңге алды. Сондай-ақ, бірқатар елді мекендерге 2,5 млн теңге көлемінде ынталандыру сыйлығы берілді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT